Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан-Болгария қатынастары туралы

(анықтама)

1992 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылы Болгарияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2004 жылы Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2019 жылғы 18 шілдеде Елшілік болып қайта құрылды.

2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап В.Темірбаев Қазақстанның Болгария Республикасындағы Елшісі болып табылады.

2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап Г.Воденски Болгарияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі болып тағайындалды.

 

  1. Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

Қазақстан Республикасының Президенті Болгарияға 1 рет сапар жасады (1999 жылғы 15-16 қыркүйекте Н.Назарбаевтың ресми сапары).

Болгария Республикасы Президенттері Қазақстанға 4 рет сапармен келді (1994 жылғы 23-31 шілдеде Ж.Желевтің ресми сапары; 2003 жылғы 25-27 қыркүйекте Г.Пырвановтың ресми сапары; 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Г.Пырвановтың ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапары; 2025 жылғы 9 маусымда Р.Радевтің ресми сапары).

Болгария Республикасы вице-президенттері Қазақстанға 4 рет келді (2006 жылғы 10-11 қаңтарда А.Мариннің Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясына қатысуы үшін сапары; 2016 жылғы 27-31 тамызда М.Попованың «Ядролық қарудан азат әлем құру» конференциясына қатысуы және 2018 жылғы 12-13 қарашада Астана клубының IV отырысына қатысуы; 2019 жылғы 7-9 қазанда И.Йотованың жұмыс сапары).

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Р.Радевпен кездесу өткізді.

 

  1. Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында Болгариямен достық тобы құрылды (жетекшісі – Е.Абил, жетекші орынбасары – Е.Саиров). 2025 жылғы 23 мамырда Болгария Республикасы Халық жиналысының 51-шақырылымында да Қазақстанмен достық тобы құрылды (төрағасы – Е.Анисова).

 

  • Негізгі шарттар мен келісімдер

Дипломатиялық және консулдық қатынастар орнату туралы хаттама (Осло қ., 1992 жылғы 5 маусым).

Достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту туралы декларация (София қ., 1999 жылғы 15 қыркүйек).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция (Алматы қ., 1997 жылғы 13 қараша).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім (София қ., 1999 жылғы 15 қыркүйек).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (Астана қ., 2011 жылғы 3 қазан).

 

  1. Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2024 жылғы екіжақты тауар айналымы 379,3 млн АҚШ долларын құрады (3,9 есеге өсу): экспорт – 303,6 млн доллар (11,1 есеге өсу), импорт – 75,7 млн доллар (+5,5%).

2025 жылғы тауар айналымы 346 млн АҚШ долларын құрады (-8,8%), экспорт – 278,6 млн доллар (-8,2%), импорт – 67,4 млн доллар (-11,6%).

2005 жылдан бастап 2025 жылдың I тоқсанына дейін Болгариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 77,7 млн долларға жетті, ал тікелей инвестициялардың жалпы кетуі 13,8 млн долларды құрады.

Экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-тың 5 отырысы өткізілді (бірінші және екінші – 2004 жылға дейін, үшінші – 2014 жылы, төртінші – 2016 жылы, бесінші – 2025 жылы).

Меморандумдар негізінде Алматы және Варна (2004 жылғы 24 маусым), Орал және Благоевград (2016 жылғы 17 маусым), Қарағанды және Несебр (2016 жылғы 5 шілде), Павлодар және Бургас (2022 жылғы 22 қыркүйек), Астана және София (2025 жылғы 9 маусым), Шымкент және Пловдив (2025 жылғы 9 маусым) қалалары әкімшіліктері арасында ынтымақтастық орнатылды.

 

  1. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015 жылғы 10 қарашадағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім осы саладағы өзара іс-қимылдың негізі болып табылады.

Болгарияда 3 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді.

София орталық кітапханасында (2017 жылы) және «Әулие Кирилл мен Мефодий» ұлттық кітапханасында (2022 жылы) қазақ әдебиетінің бұрыштары ашылды.

Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай София көшелерінің біріне «Астана» атауы берілді. 2018 жылғы 28 желтоқсанда салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2020 жылы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Свети Влас қаласында Абайдың барельефі ресми түрде ашылды, ал Варна қаласының қауымдық кеңесі қалалық көшелердің біріне «Абай» атауын беру туралы шешім қабылдады.

1995 жылы Қазақстанда Павлодар қаласында Болгар этномәдени орталығы құрылды. Қазақстан Республикасының аумағында көптеген этномәдени қоғамдық бірлестіктер тіркелген: Ақтөбе облысындағы «Вяра», Астанадағы «Злата», Павлодар облысындағы «Славяне», Атырау облысындағы «Возрождение».

Павлодар облысында Қ.Б.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімшесі табысты жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасының жоғары оқу орындары бірлескен ынтымақтастық ұйымдастыруда, соның арқасында София, Варна, Пловдив, Бургас, Благоевград, Русе және Стара-Загора қалаларындағы болгар жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер (59) білім алуда.

 

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы