Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-Польша қатынастары туралы

Қазақстан-Польша қатынастары туралы
(анықтама)

1992 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылғы наурызда Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі ашылды.

2025 жылғы сәуірден бастап Н.Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2024 жылғы қыркүйектен бастап М.Лабенда Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі болып табылады.

Жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Польшаға үш рет сапар жасады (1997 жылғы қарашадағы ресми сапар, 2002 жылғы мамырдағы ресми сапар және 2016 жылғы 23 тамыздағы мемлекеттік сапар).

Польша Президенттері Қазақстанға үш рет сапармен келді (1999 жылғы қазанда А.Квасьневскийдің ресми сапары, 2007 жылғы наурызда Л.Качиньскийдің ресми сапары және 2017 жылғы 6-8 қыркүйектегі А.Дуданың мемлекеттік сапары).

Президенттер Қ.Тоқаев пен А.Дуданың халықаралық алаңдардағы кездесулері: 2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында; 2022 жылғы 4 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде; 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында; 2023 жылғы 1 желтоқсанда Дубайда БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 28-конференциясы аясында өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейіндегі кездесулер:

Екіжақты қатынастар жылдарында Польша Республикасының сыртқы саяси ведомствосының басшылары Қазақстан Республикасына 1998, 2002, 2010 (екі рет) және 2022 жылдары сапар жасады. Атап айтқанда, 2022 жылғы 1-2 маусымда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі З.Раудың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Қазақстан Республикасы СІМ-нің Польшаға сапарлары:

- 2012 жылғы 21-22 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті.

- 2019 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Варшаваға жұмыс сапары өтті.

- 2022 жылғы 1-2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмысына қатысу үшін Польшадағы Лодзь қаласына сапармен барды.

- 2025 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Варшаваға жұмыс сапарын жасады.

- 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары аясында Польша сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен – министр З.Раумен (2023 жылғы 21 қыркүйек) және министр Р.Сикорскиймен (2024 жылғы 24 қыркүйек және 2025 жылғы 26 қыркүйек) келіссөздер жүргізді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше үлес қосуда. Польша парламентінде Сейм мен Сенат депутаттарынан тұратын «Қазақстан – Польша» парламентаралық ынтымақтастық тобы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Парламентінде Польша бойынша ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында өзара сауда көлемі 302,2 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 155,8 млн доллар, импорт – 146,4 млн доллар), бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға артық (247,3 млн доллар, экспорт – 109,8 млн доллар, импорт – 137,5 млн доллар).

2025 жылы өзара сауда көлемі 1,21 млрд АҚШ долларын құрады (+7,8%), оның ішінде экспорт – 550,2 млн доллар (+12,8%), импорт – 667 млн доллар (+2,7%).

2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,12 млрд АҚШ долларын құрады (-8%), оның ішінде экспорт – 488 млн доллар (-8%), импорт – 639,1 млн доллар (-9%).

2005 жылдан бастап 2025 жылдың 9 айына дейін тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 609,07 млн долларды құрады.

Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі тетігі Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. ҮАК тең төрағалары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов және Польша Экономикалық даму және технологиялар министрінің орынбасары М.Барановский. Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-тың 10 отырысы өткізілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2016 жылғы 6 маусымнан бастап білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім қолданыста. Қазіргі уақытта Польшада 2 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Варшава университетінде қазақ тілі оқытылады. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен 2023 жылғы қаңтардан бастап Польшада Қазақстаннан шыққан азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстары өткізілуде.

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы