Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесі мүшелерін аккредиттеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес мүшелерін аккредиттеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
  3. бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және (немесе) ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері Министрлік жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес қызметі шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне әсер ететін нормативтік құқықтық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниет білдірген халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығына ие болады.

Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын келесі мекенжай бойынша ұсынады:

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/21, блок С 4.2, Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетіне  және a.altybasarov@mfa.gov.kz электрондық поштаға ұсынады.

Анықтама телефоны: 983-647.

Дата публикации
31 марта 2026
Дата обновления
31 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы