|
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2019 жылы атқарған жұмысы туралы есебі
1) Қызмет ұсынушы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы саясат аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің субъектісі болып табылады.
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ҚР шет елдердегі мекемелерімен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 983 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, сыртқы саясат саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде Сыртқы істер министрлігімен – 3, Министрлік және шет елдердегі мекемелермен – 3, шет елдердегі мекемелермен – 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер саны
Тізілімге сәйкес, 2019 жылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен 169 129 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны
2019 жылғы қаңтар айынан бастап Министрліктің «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Тегін және (немесе) ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны
Дипломатиялық қызмет органдары тегін 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетеді, ал қалған 13 (он үш) мемлекеттік қызметті ақылы түрде көрсетеді.
Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны
ҚР дипломатиялық қызмет органдары барлық 21 мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсетеді.
Алайда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электрондық визаларын (туристік, іскерлік және емделу үшін) берудің пилоттық жобасы енгізілді.
Электрондық визаларды ресімдеу визалық-миграциялық порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2019 жылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жалпы көрсеткен 169 129 мемлекеттік қызметтің ішінде ең көп талап етілетін мемлекеттік қызмет:
«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту»
(97 304 мемлекеттік қызмет көрсетілді + 24 871 электрондық виза ресімделді).
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары
Қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы Министрліктің (www.mfa.gov.kz) және ҚР шет елдердегі мекемелерінің интернет-ресурстарынан, «электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдарынан, бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария ету және талқылау
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында жария етіліп, талқылау үшін орналастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары келіп түспеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобаларын жария ету және талқылау үшін «электронды үкімет» веб-порталында (www.e.gov.kz) және Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бағасы нормативтік-құқықтық бекіту мен «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Министрлік пен шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурсында және қабылдау бөлмелерінің ақпараттық стендтерінде көрсетілген.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа 2019 жылы – 80%-ға, ал 2020 жылы – 90%-ға көшіру» 84-тармағын орындау шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жоспарды бекітті.
Аталған Жоспарға сәйкес, 2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің келесі 4 мемлекеттік қызметі автоматтандырылды:
Сонымен қатар, Жоспарда көрсетілген мемлекеттік қызметтерден басқа Министрлік «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісім шарт жасасу» мемлекеттік қызметті автоматтандырды.
Бұған қоса, 2019 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасындағы Бейнебайланыс арқылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік қызметін және «Мобильді азаматтар базасына тіркеу» сервисін қашықтықтан ұсыну бойынша Бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Осы бұйрыққа сәйкес, елден тыс тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу барысында қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен ұйымдастыру мақсатында, 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейін пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ресімдеуге мүмкіндік бар.
ҚР Ресей Федераиясындағы Елшілігі 2019 жылғы желтоқсан айының басынан бастап (@Consularkz_bot) Телеграм ботты іске қосты, ол түсіндірмелі сипаттағы ақпаратты, яғни консулдық қызметтер туралы негізгі мәліметтерді қамтиды (құжаттардың тізбесі, орындау мерзімі және т.б.).
Сондай-ақ, қазіргі таңда онлайн кезектер ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы мен Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімінде орнатылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы
22 ақпандағы №11-1-4/76 бұйрығымен «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді (нормативті-құқықтық актілер Тізіліміне мемлекеттік тіркеуге № 18706 тіркелді)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы
31 қазандағы №11-1-4/565 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгеріс енгізілді («Қызметтік паспорттарды беру» мемлекеттік қызметі Тізілімнен алынды).
1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат
2019 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар тіркелмеді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды
Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Нәтижелері бойынша тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2016 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есеп жолданды.
Қазақстанның бірқатар шет елдердегі мекемелерінде 2019 жылы тексерістер жүргізілді, тексеріс шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың нормаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін сақтауына бақылау жүзеге асырылды.
Осылайша, көрсету мерзімдерін бұзудың 26 фактісі анықталды. Бұзушылықтар бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі шаралар қабылданды:
- ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша берілген ұсынымдар іске асыру бойынша ішкі жоспар бекітілді;
Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша тиісті хат МҚІА-ға жолданды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы келетін бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, барлық шет елдердегі мекемелерде келесі шаралар қолданылды:
Сонымен бірге, шет елдердегі консулдық мекемелерде кезекті көп күту немесе қабылдау бөлмелерінің тар болуына орай, арызданушылардың оларды кеңейту туралы ұсыныстарына, ол бірінші кезекте Елшілік ғимараттарының аумағы және қауіпсіздігін сақтау мәселесіне байланысты екені туралы жеткізілді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тоқсан сайын жіберіліп отырды.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.
Ұсыныстарды ескере отырып, Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін ҚР шет елдердегі консулдық мекемелерінде «сенім телефондарын» орнату, шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтерінде азаматтарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен консулдық алым тарифтары жөнінде, сондай-ақ лауазымды адамдардың электрондық поштасы мен байланыс телефондарын көрсету шаралары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің сақталуы және шет елдердегі мекемелердің веб-сайттарындағы консулдық сұрақтар бойынша ақпараттардың мазмұндылығы мен өзектілігі туралы тұрақты түрде тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, қызмет алушылардың арыздары және өтініштерімен жеке танысу үшін шет елдердегі мекеме басшысының қабылдау сағаттары белгіленді.
ҚР шет елдердегі мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Министрлікпен «Мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету» пилоттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде ҚР азаматтарына «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік беретін жабдық орнатылды.
Министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2020 жылы бірқатар жұмыстарды атқару жоспарлауда.
Сондай-ақ, қалған дипломатиялық органдары көрсететін мелекеттік қызметтерді автоматтандыруға қатысты сұрақтар пысықталуда.