Меню

Страницы

Статья

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына шетелдік саясаткерлер мен халықаралық сарапшылардың берген ой-пікірлері

Флорин ЙОРДАКЕ

(Румыния Парламенті Депутаттар Палатасының вице-спикері)

«Реформалар мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында азаматтарға арналған бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру міндеті қазіргі әлемде аса маңызды мәселе болып табылады! Себебі бұл халықпен ашық диалогқа, азаматтық қоғам мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи тиімді мемлекеттің одан әрі дамуының алғышарты ретінде бола алады. Бұл, ел бірлігін нығайтуда негіз болатыны сөзсіз.

Мен, Президент Қ.Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру, отбасы институтын қолдау, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерін қолдау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту қажеттілігі туралы айтқан сөзіне толықтай келісемін, өйткені олар бүгінгі таңда ең маңызды құндылықтар болып табылады.

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесі, әсіресе пандемия таралуының осы қиын жылында мені таң қалдырады. Экономиканың дамуына көмектесу үшін халықтың еркін қорлары болады. Сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша қашықтан жұмыс жасау орындарын назарға ала отырып, Президент мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қарау қажеттігін нақты атап өтті.

Президенттің іске асыру жөніндегі ұсыныстары сөзсіз елді қарқынды жаңғырту жолында мемлекеттік органдарды нығайтатынына сенімдімін».

*****

Александр РАР

(беделді неміс саясаттанушы)

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірлері мен ұсыныстары қазіргі заман талабына сай. Ол Қазақстан өз экономикасын жаңғырту үшін жасауы тиіс шаралар мен қадамдарды дәл анықтады: мемлекеттік шенеуніктерді қысқарту, бюрократиямен қүрес, жеке кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау. Жергілікті басшыларды сайлау - өте дұрыс шара. Қ.Тоқаевтың шетелдік инвесторларға арнаған ұсыныстары да өте тартымды. Пандемиядан кейін экономиканы жаңғырту - Қазақстанның әлемдегі рөлі мен мәртебесін күшейтуге жасалған қисынды қадам».

*****

Андреас ЯН

(Бундестагтың халықаралық істер жөніндегі комитетінің парламенттік хатшысы)

«Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жақсы идея деп санаймын. Бұл мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырады. Біз, сондай-ақ, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды да қолдаймыз. Менің ойымша, қазақстандық мемлекет қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру дұрыс стратегия болып табылады».

*****

Хади СОЛЕЙМАНПУР

(Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы (ECO)

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көңіл бөлінген ғылым мен өндірістің өзара ықпалдастығы арқылы экономиканы әртараптандырудың маңызы ерекше. Президенттің білім, экономика, еңбек өнімділігін арттыру, инновацияларды дамыту және жасанды интеллект енгізу туралы сөздерінде көрініс тапқан көзқарас қазіргі кезде өзекті және тиімді болып табылатын нақты образды құрайды. Осындай бағыттардағы жұмыс қосымша құн салығы қосылған өнімдерді өндіруге, ұлттың интеллектуалды әлеуетінің өсуіне, сондай-ақ адамдардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін ғылымды қажет ететін өндірістерге әкеледі».

*****

Войтех ФИЛИП

(Чехия Парламенті депутаттар палатасы төрағасының орынбасары)

«Осы маңызды құжатта Қазақстан халқына және өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлінген әлеуметтік қолдаулар мені ерекше қызықтырды. Әрине, бұл маңызды инвестициялар екені сөзсіз. Қазақстан экономикасының дамуы туралы сөз қозғайтын болсақ, Президент Тоқаев маңызды қағидалардың қатарына адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтар мен мүмкіндіктер ашу, экономиканы «көгалдандыру» қағидаларын атады. Бұл Чехия үшін де маңызды.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, ол болашақтың басты басымдығы деп аталды.

Қазіргі таңда әлемде қаржы-экономикалық дағдарыс өршуде, халықаралық сауданың қалыптасқан тетіктері құлдырап, соғыстар басталып жатқанына қарамастан, Қазақстанда экономиканың нақты секторының өсуін байқаймын, мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс істеп жатыр, тәуелсіздік жылдардан бері қалыптасқан ұлтаралық келісім мен үйлесімділік одан әрі күшейіп келеді, сондықтан Қазақстанда халықаралық бастамалар пайда болып, жүзеге асырылуда».

*****

Александр ЦИНКЕР

(израильдік саясаткер - Шығыс Еуропа мен ТМД елдері институтының директоры)

«Қазақстан экономикасындағы қалыптасқан жағдайды сипаттай отырып, бір жағынан – коронавирустың әсері (елге қызмет көрсету және сауда саласындағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтата отырып, екі рет карантин енгізді), екінші жағынан елдің негізгі экспорттық тауары - мұнай бағасының құлдырауына қарамастан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болып жатқан жағдайға лайықты баға берді.

Жаңа экономикалық саясаттың жеті қағидатын түсіндіруге егжей-тегжейлі тоқталып, Президент әртараптандырылған экономиканы құру – «жай ғана қажеттілік емес, бұл баламасы жоқ жол» - деп мәлімдеді».

*****

Джанлука ЭСПОЗИТО

(Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы (ГРЕКО)

«ҚР Президентінің өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «жүйелі» күресті және алдын алу шараларының маңыздылығын атап өткенін толықтай құптаймын. Сыбайлас жемқорлықтың іске асырылғанға дейін алдын-алу, GRECO-ның бағалау жұмысының негізі болып табылады. Сот төрелігінің тәуелсіз, бейтарап және әділ жүйесі өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез келген тиімді күрестегі заң үстемдігінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Мен, бұл мәселенің Президент Жолдауында назарға алынғанын ерекше атап өткім келеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес қоғамның институттарға деген сенімін арттырады және экономикалық даму мен өсуге ықпал етеді».

*****

Мухаммед Хурайчи НИАСС

(Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағының

Бас хатшысы)

«Ең алдымен, қадірлі Қазақстан Президентінің өз елінің өркендеуі мен халқының әл-ауқаты туралы қамқорлығын ерекше атап өткім келеді.

Жоғары мәртебелі Қ.Тоқаевтың көшбасшылығымен және оның даналығымен Жоғары Мәртебелі жариялағанындай мемлекет пен оның халқының мүдделерін ескере, елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңарта отырып, ел өз мақсаттарына қол жеткізетініне сенімдімін. Жоғары Мәртебелі атап көрсеткендей, жалпы мақсат үкімет пен қоғам арасындағы үздіксіз диалог, азаматтық қоғамды нығайту және оны талқылауға тарту арқылы «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру болады.

Жоғары мәртебелі Президент мырзаның Қазақстан халқы үшін жол картасы ретінде қарастыруға болатын сөздерінен шабыт алып, бұл оның келешек ұрпағы бейбітшілікте, қауіпсіздік пен өркендеуде өмір сүретін жарқын болашақтың кепілі бола алады».

*****

Драгомир КАРИЧ

(Сербия Республикасының Халық Скупщинасының депутаты,

академик, профессор, философия ғылымдарының докторы)

«ҚР Президентінің жаңа Жолдауы мемлекеттің және оның аппаратының, сондай-ақ барлық азаматтардың алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешудегі кәсіби көзқарас пен жүйеліліктің анық үлгісі болып табылады. Президент Қ.Тоқаев өзінің Жолдауында қазіргі заманның қандай да бір сын-қатерлеріне қарамастан, тек тынымсыз даму арқылы барлық салалардағы реформалардың жалғасуы мемлекетке сенімді түрде алға жылжуға мүмкіндік беретінін айқын атап көрсетті.

Жолдау «азаматтарға лайықты өмір, олардың құқықтарын қорғау, заң үстемділігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» сияқты бағдарлар белгілеп берді. Нақты іс-қимыл жоспары ұсынылды.

Жолдауда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Тұрғын үй мәселесін шешудің нақты жолдары ұсынылды, отбасы және демография, қолжетімді және сапалы білім беру, денсаулық сақтау жүйесі, экология мәселелері көтерілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық жерде енгізілуде. Енді бұл заманауи Қазақстанның нормасы. Бұл алға басқан қадам және осы жолдағы реформалар жалғасуда».

*****

Мұхаммад АСИФ НҰР

(Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының директоры, Пәкістан)

«Соңғы бірнеше жылда тәуелсіз елдің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев даналығының арқасында Қазақстан болашаққа деген ұмтылысы мен ұйымшылдығына негізделген мемлекеттік құрылыстың іргетасы мен негізін қалай нығайтқанын көре аламыз. Сол жылдардан бері ел қарқынды дамыды, әлемдік қоғамдастыққа өз үлесін қосты.

Ұлттық деңгейде реформалар мен саясатты жүзеге асыру және жаһандық деңгейде қатысу нәтижесінде, ел берік іргетаста тұр. Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында Қазақстан азаматтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің, олардың құқықтарын қорғаудың, заңдылықты нығайтудың көптеген күрделі міндеттеріне байланысты еліміз барлық сын-қатерлерді қабылдап жатқанын және бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті де көздейтінін атап өтті.

Қазір Президент министрліктер мен басшылардың алдына халықтың мәселелерін шешу және экономикалық дамудың жеті негізгі қағидатын тиімді іске асыру арқылы өз жұмысын қайта құруға көмектесу міндетін қойды. Олар Қазақстан халқының көтерілуіне жағдай жасауы тиіс».

*****

Ялчын ТОПЧУ

(Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі)

«Бұл жолдауда «Халыққа қызмет – Хаққа қызмет» түсінігі басшылыққа алынып, мемлекеттік басқаруда «жариялылық», «теңдік», «тиімділік», «әділетті бөлісу», «заңның үстемдігі», «тарихи мұраға ие болу» сияқты құндылықтарды күшейтуге және заманауи әлемде тиісті өз орнын алуға деген талпыныс көрініс тапқан.

Жолдауда мемлекеттегі сабақтастық принципіне негізделген, заман талабына сай сараптамалар және әдістермен өткен мен болашақты байланыстыратын жол салуға дайын, өз шешіміне бекем мемлекеттік ерік-жігерді көріп қуанып отырмыз.

Біз өзінің құрылу кезеңін аяқтаған ұлы мемлекеттің одан әрі өрлеп өркендеуге бел буғанын байқадық.

Біз үлкен көшбасшылық көрегендікке, терең ғылыми көзқарасқа және тәжірибе мен даналыққа толы көркем ұстанымға ие Тоқаев мырзаның басшылығында мықты және ұлы Қазақстан құру мақсатына жетуге деген сенімділіктің куәсі болып отырмыз.

Қазіргі әлемде экономикасынан саясатына, мемлекеттік басқару жүйесінен қорғанысына, білім беруден денсаулыққа дейінгі әр салада өзінің еркін және тәуелсіз тіршілігімен Қазақстанның өзіндік орны бар екені айқын.

Цифрланған дәуірдің талаптарын игерген, ақпараттық технологиялар индустриясы жағынан жетілген Қазақстанның өте қысқа мерзімде бүкіл әлем қызыға және қызғана қарайтын елге айналатынына сенімдімін.

Бәрінен де бұрын ең мағыздысы, тарихи сана және ұлтқа деген сүйіспеншілік негізінде бірінші орынға адамды қоятын, барлығы адам үшін деп айтатын, әділ басқаруды біздің ең үлкен тәжіміз деп бағалайтын  көшбасшысы бар Қазақстан халқының расында да бағы бар».

*****

Сванте КОРНЕЛЛ

(Қауіпсіздік саясаты және даму институтының директоры және тең құрылтайшысы (ISDP), Швеция)

«Президент Қ.Тоқаев оны жүзеге асыру жағдайында, Қазақстан әкімшілігін түпкілікті түрде жан-жақты өзгертетін және Қазақстанды ең дамыған елдер қатарына шығару бойынша бұрынғы Президент Назарбаевпен қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін үлкен маңызы зор болатын жан-жақты қамтитын іс-әрекеттер жоспарын ұсынды. Осы реформалар пакетінің кілті - осыдан бір жыл бұрын басталған Қ.Тоқаевтың «Еститін мемлекеті» тұжырымдасынан туындайтын, Қазақстанда мемлекеттік қызметкер болудың мағынасын жан-жақты өзгерту тұжырымдамасы болып табылады. Президент Қ.Тоқаевтың көзқарасы бойынша, ол адамдардың мұқтаждықтарына бағытталуы керек. Қ.Тоқаевтың сөзінше, «жалақысы төмен мемлекеттік қызметтер қоғамға аса қымбат болады».

Жарияланған реформалар сондай-ақ Қазақстан проблемаларының мәнін қозғады. Ол мемлекеттік сатып алуға, іскерлік ахуалға, көлеңкелі экономикаға және белгілі болғандай, жойылуы қиын сыбайлас жемқорлықтың проблемасына бағытталған. Бірақ басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жоғары жақтан келетін сигналдардың маңызы зор, Президент Қ.Тоқаевтың кезінде ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды мемлекетке қарсы ауыр қылмыс деп атап айтқан кезде оны дәлірек айту мүмкін болмады. Егер іске асырылса, Қ.Тоқаевтың көзқарасы Қазақстанды шынымен заманауи мемлекеттің дамуына жетелейді. Әрине, бұл оңай мәселе емес, оған толықтай қол жеткізу үшін көптеген жылдар қажет болады. Бірақ Президент ұсынып отырған әкімшіліктің жаңа түрінде орын алу мүмкіндіктерін көрген жас, заманауи және білімді азаматтардың көптігінің арқасында жетістіктерге қол жеткізу үшін Қазақстанда өте жақсы мүмкіндіктері бар.

Президент Қ.Тоқаев тек сөз арасында нағыз көп партиялық жүйені құру ұмтылысын айтып өтті. Бұның орнына ол энергиясының үлкен бөлігін басқарудың сапасына бағыттады. Осындай акцентті түсінуге болады, себебі реформалардың болжалды түрі жетістіктер үшін қуатты басшылықты талап етеді. Бірақ қазақ мемлекеті көбірек «еститін» ғана емес, сонымен бірге «әділеттірек» бола бастаған кезде, азаматтардың өзін саяси мақсаттарда ұйымдастыра алуы да сондай-ақ сол прогресстің сөзсіз бөлігі болады және үкіметке оларды ынталандырудың тәсілдерін табу керек болады».

*****

Профессор Ласло ВАША

(Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі жанындағы Институтының Бас кеңесшісі, аға ғылыми қызметкері, Әулие Иштван университетінің профессор-зерттеушісі)

«Қазақстан ғылыми зерттеулерді, әзірлемелерді және білім беруді басым және ойластырылған қолдау тұрғысынан ресурстық-бағдарланған экономикалардың арасында әрқашан алғашқы ізашар болды. Бұл шаралар экономиканы әртараптандыру тұрғысынан қарағанда қазақстандық ғылыми сектордың маңызды рөлі мен мүмкіндіктерін одан әрі күшейтеді.

Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде кәсіпкерлікке оқытуды енгізу өте жақсы идея болып табылады; ол қазақстандық ұлттық экономикасының дамуына және шағын мен орта бизнестің нығаюына өте жемісті әсер етуі мүмкін. Алайда, бұл тренингтер бизнес-қауымдастықтар мен палаталардың өмірлік маңызды рөлін атқара алатын тәжірибеге бағытталуы тиіс».

*****

Елші Тариқ Әли Бахит

(ИЫҰ Бас хатшысының Гуманитарлық, мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары)

«Біз Жоғары Мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауымен үлкен қызығушылықпен мұқият таныстық. Онда Жоғары Мәртебелі аса маңызды тақырыптарды қозғап, өз елінің одан әрі дамуына бағытталған реформалар мен жобаларды жалғастыру үшін тиісті міндеттемелерді белгіледі. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, даму, кедейлікпен күрес, инвестициялар тарту, әйелдерді көтермелеу, жастардың әлеуетін арттыру мен қоршаған ортаны қорғау және басқа да өмірлік маңызы зор салалалар бар.

Біз Қазақстан халқының гүлденуі мен әл-ауқатын көтеруді көздеген бұл маңызды реформалар мен жоспарларын жоғары бағалаймыз. Аталған жобалар Ұйым Жарғысының және 2025 жылға дейінгі он жылдық даму бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келетінін атап өткіміз келеді.

Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми реформаларға қатысты дана көзқарасы елді жаңа белестерге жетелейтініне сенеміз. Жалпы Қазақстан халқының дамуын, ілгерілеуін, өркендеуін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдайтынымды мақтана білдіргім келеді».

Дата публикации
12 сентября 2020
Дата обновления
12 сентября 2020
Тип
Ой-пікірлер

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы