ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті және ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне дипломатиялық және қызметтік визаларды беруді, ұзартуды және қалпына келтіруді жүзеге асырады.
Төменде көрсетілген санаттағы визалар вербалды нота (сапар мақсаттары немесе туыстық байланыстары туралы ақпарат) және кесте-шақыру негізінде ресімделеді ("А2" және "А4" санаттары үшін, шақырылатын адамның тағайындалған лауазымын, ал ротация жағдайында, ол ауыстырған қызметкердің лауазымын, тегін және атын көрсету қажет).