Меню

Страницы

Статья

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібі

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы өз өкілдігін аккредиттеу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) БАҚ басшысы қол қойған және хатқа қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы өтінішпен еркін нысандағы хат;

2) құрылтай құжаттары (шарт) және (немесе) шетелдік БАҚ жарғысы (болған жағдайда);

3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген және шетелдік БАҚ-тың тіркелгенін растайтын құжаттар;

4) шетелдік БАҚ-тың толық атауы, қызметінің тарихы, заңды мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген шетелдік БАҚ туралы мәліметтер.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастыру жасалған кезде қабылданады.

Шет тілінде жасалған құжаттарға мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса берілуге тиіс.

 

Өз журналистерін тұрақты аккредиттеу үшін шетелдік БАҚ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) шетелдік БАҚ журналисін тұрақты аккредиттеу туралы қол қойылған еркін нысандағы хат;

2) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжат, ал шетелдік БАҚ журналисі жүгінген кезде шетелдік БАҚ-пен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарды растайтын құжат;

3) толтырылған аккредиттеу нысаны;

4) 3х4 сантиметр өлшеміндегі электрондық фотосурет;

5) шетелдік паспорттың (шетелдік үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін;

6) Қазақстан Республикасындағы шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу туралы Министрлік хабарламасының көшірмесін;

7) шетелдік БАҚ журналисінің Қазақстан Республикасымен байланысты (жарияланымдары, мақалалары) және шетелдік БАҚ өкілдігі өтінішхат берілген күнге дейін соңғы 6 (алты) ай бұрын жариялаған материалдарын (осы кезеңде тұрақты аккредиттелген шетелдік БАҚ журналистері үшін) жолдайды.

 

Шетелдік БАҚ журналисін уақытша аккредиттеу үшін өтініш беруші не шетелдік БАҚ журналисі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қолма қол не Министрліктің ресми электрондық мекенжайы accreditation@mfa.kz арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

1) аккредиттеу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған іс-шараның мақсаты мен күні көрсетілген іс-шара күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей берілетін шетелдік БАҚ журналисін уақытша аккредиттеу туралы еркін нысанда қол қойылған хат;

2) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжат, ал шетелдік БАҚ журналисі жүгінген кезде шетелдік БАҚ-пен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарды растайтын құжат;

3) толтырылған аккредиттеу нысаны;

4) 3х4 сантиметр өлшеміндегі электрондық фотосурет;

5) шетелдік паспорттың (шетелдік үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін.

 

Анықтама телефоны: +7 (7172) 72-01-45

 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу ережелерімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Дата публикации
25 ноября 2024
Дата обновления
25 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы