Меню

Страницы

Статья

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы

ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ШАРТ ҰЙЫМЫ

Қазіргі кезде орын алып жатқан жағдайларда халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор маңыз беріледі. Бұл тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, барлық дүниежүзілік қоғамдастық үшін өзекті мәселе.

Біздің өңірде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру мен өзара іс-қимылдың маңызды құралдарының бірі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) болып табылады.

Ұйым 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау болып табылады.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттері - Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.

ҰҚШҰ органдары:

- Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі;

- Сыртқы істер министрлері кеңесі;

- Қорғаныс министрлері кеңесі;

- Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті;

- Тұрақты Кеңес.

ҰҚШҰ-дың тұрақты жұмыс органдары ретінде Хатшылық мен Бірлескен штаб, ал Парламентаралық ынтымақтастыру органы ретінде ҰҚШҰ-дың Парламенттік ассамблеясы болып саналады.

Ұйым қызметінің басты бағыттары әскери және әскери-техникалық (әскери - экономикалық) ынтымақтастық болып табылады.Тараптар халықаралық терроризмге және экстремизмге, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, қарудың заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, жасырын миграцияға және Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнген басқа да қатерлерге қарсы күресте өз күш-жігерлерін біріктіреді және үйлестіреді.

Ұйым шеңберінде коалициялық және өңірлік негіздегі топтасуларды, бітімгершілік күштерді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің, сондай-ақ ТЖМ органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін қамтитын ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылған. Аталған бөлімшелердің әскери дайындығын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ әскери реттілік тетіктерін пысықтау мақсатында жоспарлы түрде әртүрлі жаттығулар өткізіледі.

2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін ҰҚШҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. Ұйымға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан жұмысты ҰҚШҰ қызметінің неғұрлым өзекті және талап етілетін жарғылық бағыттарына шоғырландырады. Атап айтқанда, терроризмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жою. Сондай-ақ, Қазақстан ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен және бірқатар өңірлік ұйымдармен, соның ішінде ТМД және ШЫҰ-мен ынтымақтастығын дамытуды жоспарлап отыр.

Жалпы, ҰҚШҰ шеңберіндегі Қазақстанның қатысуы халықаралық құқықты қатаң сақтау негізінде мемлекет пен өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасауға, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күресуге негізделеді.

Дата публикации
21 февраля 2024
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы