2023 жыл барысында Қоғамның қарауына инвесторлардан 55 проблемалық мәселе келіп түсті. Оның 29-ы инвесторлардың пайдасына шешілді, 20 өтінішке қажетті көмек пен қолдау көрсетілді, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ орталық және өңірлік деңгейде инвесторлардың қатысуымен кездесулер, жиналыстар, келіссөздер өткізілді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес консультациялар беріліп, түсіндірмелер берілді, 6 өтініш мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп зерделенуде.