Меню

Страницы

Статья

АӨСШК

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК)

 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады.

АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.

Басты мақсаты – АӨСШК мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру.

АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған.

АӨСШК Хатшылығы – Кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасының Астана қаласында орналасқан.

Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін Бас хатшы, Атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді.

АӨСШК мүше мемлекеттер: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Кувейт, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка.

АӨСШК байқаушы мемлекеттері: Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Түркіменстан, Филиппин, Украина, АҚШ, Жапония.

АӨСШК байқаушы ұйымдары: БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, ХКҰ.

Төрағалары: Қазақстан (2002-2010 жж.), Түркия (2010-2014 жж.), Қытай (2014-2018 жж.), Тәжікстан (2018-2020 жж.), Қазақстан (2020-2022 жж.), (2022-2024 жж.).

Негізгі кездесулер: Бірінші министрлік кездесу (1999), Бірінші Саммит (2002), Екінші министрлік кездесу (2004), Екінші Саммит (2006), Үшінші министрлік кездесу (2008), Үшінші Саммит (2010), Төртінші министрлік кездесу (2012), Төртінші Саммит (2014), Бесінші министрлік кездесу (2016), Бесінші Саммит (2019), Алтыншы министрлік кездесу (2021), Алтыншы Саммит (2022 ).

Құрылтай құжаттары: АӨСШК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясы (1999 жылы АӨСШК Сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002 жылы АӨСШК мемлекет және үкімет басшылары қол қойған).

Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы (2021 ж жаңартылды), Рәсім ережелері (2004 жылы қабылданды, 2014 жылы түзетулер енгізілді), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006 ж.қол қойылды, ҚР 2007 ж. ақпанда ратификациялады), АӨСШК рәмізі туралы ереже, АӨСШК сыртқы байланыстары туралы Ереже (2007 ж. қабылданды), Хатшылықтың ҚР аумағында болу шарттары туралы Келісім (2007 ж. қол қойылды, Қазақстан 2008 ж. наурызда ратификациялады), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттама (2008 ж. қол қойылды), Хатшылықтың, оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы АӨСШК мемлекеттерінің өкілдері (2010 жылы қол қойылған, Қазақстан 2011 жылғы 28 қарашада ратификациялаған), АӨСШК сенім шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізудің жалпы қағидалары (2021 ж. 23 маусым), Талдау орталықтарының форумы туралы ереже (2021 ж. 7 қазан), Ақылмандар кеңесі туралы ереже (2021 ж. 12 қазан), АӨСШК Қоры туралы ереже (2022 ж. 13 қазан), БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспары (2022 ж. 13 қазан), АӨСШК көшбасшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі және оларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі (2022 ж. 13 қазан).

Саяси декларациялар: Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесу туралы Декларация (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуінің Декларациясы (2004 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Екінші Саммитінің Декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінің Декларациясы (2008 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Үшінші Саммитінің Декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуінің Декларациясы (2012 ж.), «Жаңа Азия үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық» АӨСШК Төртінші Саммитінің Декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің «Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды диалог арқылы ілгерілету» Бесінші кездесуінің Декларациясы (2016 ж.), «АӨСШК қауіпсіз және одан да өркендеген өңірінің ортақ көрінісі» АӨСШК Бесінші Саммитінің Декларациясы (2019 ж.), АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесі (2022 ж.) .

Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні).

Жұмыс тілдері: ағылшын және орыс. Қол қою немесе қабылдау үшін ресми құжаттардың тілі ағылшын тілі болып табылады.

Дата публикации
27 июля 2023
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы