Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 5 наурызда орнатылды.

2021 ж. сәуірден бастап Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев (2022 ж. 23 наурызда Дакка қаласында сенім грамоталарын тапсырды) Бангладештегі ҚР Елшісі болып табылады.

2020 ж. қазанда Бангладештің Ресейдегі Елшісі Камрул Ахсан БХР-дың ҚР-дағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды (2022 ж. 19 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында сенім грамоталарын тапсырды).

 

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі байланыстар

2017 ж. 9-12 қыркүйекте Бангладеш Президенті Абдул Хамид Нұр-сұлтан қаласында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бірінші саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми жабылу салтанатына қатысу үшін Қазақстанға сапармен барды.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар

2008 ж. 17 қазанда Бангладеш мұсылман және батыс елдерінің Сыртқы істер министрлерінің «Жалпы әлем: әртүрлілік арқылы прогресс» конференциясының жұмысына БХР Сыртқы істер министрі И.Чоудхури қатысты.

2011 ж. 28-30 маусымда БХР Сыртқы істер министрі Дипу Мони Қазақстанда өткен ИЫҰ СІМК-нің 38-ші сессиясына қатысты.

2011 ж. 29 қыркүйек1 қазан аралығында Астана қаласында ИЫҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы өтіп, оның жұмысына денсаулық сақтау істері жөніндегі Премьер-министрінің кеңесшісі (министр дәрежесінде) Саид Мудассир Али қатысты.

2012 ж. 12 қыркүйекте БХР Сыртқы істер министрі Д.Мони Астанада өткен АӨСШК мүше мемлекеттерінің 4-ші СІМК-іне қатысып, оның шеңберінде ҚР СІМ басшысы Е.Қазыхановпен кездесу ұйымдастырылды.

2014 ж. 2-5 мамырда Астана қаласында өткен Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы өтіп, оған Бангладештің Қаржы министрі А.Мұхит қатысты.

2014 ж. 21-23 мамырда Астана қаласында өткен VIІ АЭФ және ІІ ЖАК-қа Бангладештің Мемлекеттік қаржы министрі М.Маннан, Мемлекеттік банкінің басқарма төрағасы А.Рахман, сондай-ақ, Бангладеш бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (2006 ж.) М.Юнус қатысты.

БХР Азық-түлік министрі М.Камрул Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы Бас Ассамблеясының (АҚИҰ) инаугурациялық сессиясына және ИЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 7-ші конференциясына (Астана қ., 26-28 сәуір 2016 ж.) қатысты. Бангладештік тарап АҚИҰ Жарғысына қол қойып, ұйымға қосылды.

2018 ж. 4-5 мамырда Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов бастаған Қазақстанның ресми делегациясы Даккада орын алған ИЫҰ СІМК-інің 45-ші сессиясына қатысты.

2020 ж. 24 қыркүйекте БХР Сыртқы істер министрі А.Момен бейнеконференция форматында өткен АӨСШК СІМК-не қатысты.

БХР Президенті А.Хамидке сенім грамотасын тапсыру шеңберінде 2020 ж. 18-19 қарашада ҚР Елшісі (қоса атқарушы) Е.Әлімбаевтың Даккаға сапары ұйымдастырылды.

2021 ж. 25 ақпанда бейнеконференция форматында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҚР-БХР бірлескен жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті.

2021 ж. 11-12 қазанда БХР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шаббир Ахмед Чоудхури бастаған Бангладеш делегациясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен АӨСШК 6-шы СІМК-іне қатысты.

2022 ж. 22-23 наурызда ҚР Елшісі (қоса атқарушы) Н.Жалғасбаевтың Даккаға сапары орын алып, БХР Президенті А.Хамидке сенім грамотасын табыстады.

2022 ж. 12-13 қазанда БХР Сыртқы істер министрі А.Момен бастаған Бангладеш делегациясы Астана қаласында өткен АӨСШК-тің 6-шы саммитіне қатысты.

Екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту мақсатында 2014 ж. ҚР Бангладештегі құрметті консулы ретінде Ахмед Шаян Фазлур Рахман тағайындалды.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 ж. жалпы тауар айналымы 51,612 млн. (+39,5%), БХР-дан импорт - 46,046 (+36,36%), экспорт - 2,56 млн. АҚШ (+100%).

ҚР импортының негізгі Бангладеш тауарлары - киім, теңіз өнімдері, дәрілік заттар, жол жабдықтары, темекі шикізаты.

Қазақстандық экспорттың негізгі тауарлары - қара металдар, асбест, пластмассадан жасалған бұйымдар.

Дата публикации
25 июля 2023
Дата обновления
25 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы