3. «Инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 16 наурыздағы № 11-1-4/110 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32094 – КИ болып тіркелді;
Сілтеме арқылы жүктей аласыз http://10.61.42.188/rus/docs/V1500012780
Өзгерістер енгізу негіздері:
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 19, 20 және 21-баптарына және 23-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру.
- 2022 жылғы 14 шілдедегі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 14-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет стандарты» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне» ауыстырылды.
- ҚР Премьер – Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің а. ж. 10 қаңтардағы № Б-22 хаттамалық тапсырмасының 3-тармағын және Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысының 2023 жылғы 26 қаңтардағы хаттамасының 9-тармағын орындау мақсатында.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 қағидаларының 24-тармағына сәйкес келтіру.
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру.
4. «Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32096 – КИ болып тіркелді;
Сілтеме арқылы жүктей аласыз http://10.61.42.188/rus/docs/V2100022396
Өзгерістер енгізу негіздері:
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес келтіру мақсатында (ҚР Еңбек және салық кодекстерінің қабылданған күнін алып тастау бөлігінде);
- «Нұр-сұлтан қаласы – ҚР астанасын Астана қаласы – ҚР астанасы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында (Нұр-сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау бөлігінде) ;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі ( Салық кодексі)» 117-бабына сәйкес келтіру мақсатында (өсімпұлды алып тастау бөлігінде).