Қағидалардың атауы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 178-бабына сәйкес толықтырылды. Мәселен, бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.
Осыған байланысты қағида қағаз түрінде ҚР шет елдердегі мекемелері арқылы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру тәртібімен толықтырылды. Бұл жаңа мемлекеттік қызмет («Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру») Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді.
Сонымен қатар, «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі алынып тасталды.
«Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.
Қағидалар тыңдауды өткізу бөлігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарының талаптарына сәйкес келтірілді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті (әр қызмет бойынша нормалар жеке болады) күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды. Жүргізілген тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметті көрсетеді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бөлігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының, сондай-ақ «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының талаптарына сәйкес келтірілді.
Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының
13) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсына алады.
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Заңының 19-1-бабы
2-тармақтың 6)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында, өтініш берушінің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі талап етіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің келісімін бермеген жағдайда, бұл көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Өзгерістермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020857