Меню

Страницы

Статья

ҚР СІМ жанындағы АӨДА ККО

«Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органы (АӨДА ККО) ҚР СІМ бастамасымен құрылған және өз жұмысын 2013 жылдан жұмыс істейді. Алаң жұмыс істеген уақытта 50-ден астам отырыс ұйымдастырылды.

Алаң – адам құқықтары, демократия және жалпы адами өлшем саласында ұлттық және халықаралық ҮЕҰ-мен жүйелі және жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді құрал.

АӨДА ККО басты мақсаттары:

  • Қазақстандағы демократиялық негіздерді нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердегі Үкімет, Парламент және ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық;
  • ашық диалог пен саяси пікірсайыс мәдениетін нығайту;
  • Үкімет пен Парламент үшін адами өлшемді іске асыру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу.

Бұл тұрғыда ҚР СІМ рөлі халықаралық бақылаушылардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮСАИД және т.б.) қатысуымен ҚР мемлекеттік органдарымен адам құқықтарын қорғау саласының түрлі аспектілерін тікелей талқылау үшін платформа құру болып табылады. Алаңды құру кезіндегі бастапқы идея отандық ҮЕҰ-ға азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына сәйкес Қазақстан Үкіметінің атына ұсыныстар енгізу мүмкіндігін беру болды.

АӨДА ККО алаңында барлық мәселелер азаматтық қоғам өкілдерінің және ҚР Мемлекеттік органдар тұлғасындағы барлық билік тармақтарының қатысуымен ашық талқыланады. Отырыстар ҚР СІМ-де ҮЕҰ-мен және азаматтық сектормен өзара іс-әрекетке жауапты Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшінің төрағалығымен жылына кемінде 4 рет өткізіледі. Жылына екі рет Сыртқы істер министрінің төрағалық етуімен отырыстар өткізіледі.

ККО аясында Қазақстан Республикасының халықаралық құқық қорғау міндеттемелерін орындау бойынша ұлттық баяндамалардың жобаларын талқылау жүргізіледі. Бұл азаматтық қоғаммен ынтымақтастықтың тиімді жолдарын әзірлеуге және ұлттық баяндамалардың жобаларын дайындау кезінде бірқатар ұсынымдарды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл шара 2014 жылғы қазанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде екінші мерзімдік баяндаманы қорғау кезінде үздік халықаралық тәжірибенің мысалы ретінде оң аталып өтті.

АӨДА ККО құрылымы

Мемлекеттік органдар: Конституциялық сот, Жоғарғы сот, ҚР Парламенті, Орталық сайлау комиссиясы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Министрліктер және Агенттіктер.  

 ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

49 ҮЕҰ

Халықаралық байқаушылар: ЕҚЫҰ–ның ҚР-дағы Бағдарламалар офисі, БҰҰ ДБ, БҰҰ Әйелдер, АҚЖКБ, БЖКБ, ЮСАИД, ЕО-ның ҚР-дағы өкілдігі, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі, Халықаралық түрме реформасы және т. б.

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы