Меню

Страницы

Статья

ҚР Парламентінің депутаттарымен өзара іс-әрекет

ҚР Сыртқы істер министрлігі Парламентпен тығыз өзара іс-әрекетті қолдайды, бұл елдің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру бойынша бірлескен күш-жігерді тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Парламент палаталарының жұмыс топтарының, комитеттерінің, халықаралық бөлімдерінің кездесулеріне тұрақты негізде қатысады және Министрлік басшылығының халықаралық келісімдерді қарау және бекіту жөніндегі отырыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Министрлік Мәжіліс пен Сенат депутаттарының сауалдары бойынша ҚР Парламенті мен Үкімет аппаратынан тікелей келіп түсетін тапсырмаларды орындайды.

Парламенттік дипломатияны тереңдетудің және оның тиімділігін арттырудың орындылығы депутаттық корпус тарапынан түсіністікке ие. Парламентшілер ұлттық мүдделерді ілгерілету үшін парламентаралық байланыстар ресурсын неғұрлым белсенді пайдалануға ұмтылады.

Дәстүрлі достық топтары, бірлескен комитеттер, сондай-ақ парламентаралық алаңдар жұмыстың негізгі нысандары болып қала береді. Шетелдегі тақырыптық іс-шараларға қатысу, шетелдік парламентшілерді, дипломатиялық корпусты және БАҚ-ты Қазақстандағы осындай кездесулерге шақыру өзін мақсатты өзара әрекет тәжірибесі практикасы ретінде жақсы көрсетті.

Парламент депутаттары Парламентаралық Одақ, ТМД және ЕАЭО парламентаралық ассамблеялары, Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеялары, Еуропа Парламентімен, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ, НАТО, ТүркПА және ИЫҰ Парламенттік Одағы сияқты халықаралық ұйымдардың парламенттік ассамблеялары мен форумдарының жұмысына белсенді қатысады.

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы