ҚР Сыртқы істер министрлігінде басшылық азаматтарды жеке қабылдауды ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына және азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүргізеді.
Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство жұмысының ерекшелігін және Министрлік басшылығының жоспарланбаған шетелдік іссапарларын ескере отырып, қабылдау күндері өзгеруі мүмкін екенін атап өткен жөн.
Осыған байланысты азаматтарға қабылдауға жазылу үшін сайтта көрсетілген телефондар арқылы хабарласуға кеңес беріледі.