Меню

Страницы

Статья

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін ҚХР жүргізуші визаларын алу алгоритмі

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін

ҚХР жүргізуші визаларын алу алгоритмі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігіне (бұдан әрі - Өкілдік) жүктерді халықаралық көлік тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялардың тізімін жолдайды.

Заңды немесе жеке тұлғалардың өкілдері жылына бір рет Өкілдікке халықаралық көлік тасымалдарын жүзеге асыратын ҚР азаматтары үшін ҚХР визаларын ресімдеуге келесі құрылтай құжаттарын ұсынады:

№

ЖШС үшін

Жеке кәсіпкер үшін

1.

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік (eGov электрондық анықтамасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі)

ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама (eGov бар электрондық анықтама)

2.

ЖШС жарғысы

(нотариалды куәландырылған көшірме)

ЖК талоны

(eGov электрондық анықтама немесе нотариалды куәландырылған көшірме)

3.

Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (нотариалды куәландырылған көшірмесі)

Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (нотариалды куәландырылған көшірмесі)

4.

Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама

(eGov электрондық анықтамасы немесе түпнұсқасы)

Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама

(eGov электрондық анықтамасы немесе түпнұсқасы)

5.

Компания өкіліне сенімхат (түпнұсқа)

Компания өкіліне сенімхат (түпнұсқа)

6.

Компания өкілінің жеке куәлігі (көшірмесі)

Компания өкілінің жеке куәлігі (көшірмесі)

  • заңды немесе жеке тұлғалардың өкілдерінен жүргізуші визаларын алуға жәрдемдесу туралы өтінішхат (фирмалық бланкіде, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып);
  • ҚР азаматының паспорты (түпнұсқа, қолданылу мерзімі 6 айдан асатын және виза қою үшін кемінде 2 бос беттің болуы);
  • сайтта толтырылған https://cova.cs.mfa.gov.cn визалық сауалнама;
  • фотосурет (2 дана, өлшемі: 3,5 x 4,5);
  • ҚР азаматының паспортының, жеке куәлігінің және жүргізуші куәлігінің көшірмелері;
  • шетелдік сапарлар туралы мәліметтер (еркін нысанда жазбаша түрде жасалады);
  • вербалдық нотаны ресімдегені үшін консулдық алымды төлеу: (сомасы: 1 725 тенге; КБЕ – 11; Алушы: ММ ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті; Бенефициар: Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша салық басқармасы; БСН – 910740000153; БСК – KKMFKZ2A; КНП – 911; ЖСК (есеп шот) – KZ24070105KSN0000000; Кіріс коды – 108101 «Консулдық алым»);
  • жүргізушілер тізімі бар заңды не жеке тұлғадан іссапарға жіберу туралы бұйрық (түпнұсқа);
  • заңды не жеке тұлға мен жүргізуші арасындағы еңбек шарты (түпнұсқа);
  • ҚХР визасы үшін консулдық алым (сомасы: 28 000 теңге, ҚХР визасына құжаттарды тапсырғаннан кейін банк арқылы төлеу).

ҚХР Бас консулдығы апта сайын жүргізуші визаларын рәсімдеу үшін 550 паспорт қабылдайды (бір компаниядан шамамен 8-9 паспорт).

Құжаттарды қабылдағаннан кейін, ҚХР Бас консулдығы жүргізушілерді саусақ іздерін тапсыруға шақырады.

ҚХР Бас консулдығында «С» санатындағы көп мәртелік, бір жылдық жүргізуші визалары 3 жұмыс күні ішінде ресімделеді.

Жүргізуші визасын ресімдеу үшін құжаттар топтамасын қабылдау ҚР СІМ-нің Алматы қ. Өкілдігінде Әйтеке би 65 мекенжайы, консулдық бөлім, №1 терезе бойынша жүзеге асырылады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес виза беру кезінде шет мемлекеттердің консулдық мекемелері өздерінің ішкі заңнамаларын басшылыққа алатынын ескеру қажет. Виза беру немесе бас тарту мәселесі шетелдік консулдық мекеменің айрықша құзыреті болып табылады. Виза беруден бас тартқан консулдық мекеме өтініш берушіге бас тарту себебін айтпау құқығын өзіне қалдырады.

 

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы