Төмендегі мәлімдеменің мәтінін Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері Қазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары және демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогына орай жариялады.
2023 жылғы 24 қаңтарда Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары –Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың екінші жыл сайынғы кездесуін өткізді.
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары заң үстемдігін, тиісті демократиялық басқаруды және адам құқықтарын ілгерілету үшін өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген ынтымақтастыққа берік ұстанымдарын тағы да білдірді. Америка Құрама Штаттары Қазақстан халқының игілігі үшін жалпы адам құқықтары мен демократиялық принциптер мен институттарға негізделген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруды табанды түрде қолдайтынына ерекше көңіл аударды.
Жоғары деңгейдегі делегациялар бірқатар негізгі мәселелерді талқылады, оның ішінде саяси реформалардың күн тәртібі, сот және құқық қорғау органдары реформалары, жұмысшылардың құқықтары, әйелдердің экомикалық қауіпсіздігі мен құқықтарын нығайту, соның ішінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі ілгерілеу мен серіктестік; адам құқықтары, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтары; заңсыз шығарылған активтерді қайтару; сыбайлас жемқорлықпен және адам саудасымен күресу. Кездесу барысында өзара тиімді өзара іс-қимылға негізделген көпжақты ынтымақтастық, оның ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі арқылы да қарастырылды.
Қатысушылар Жоғары деңгейдегі диалогтың келесі кезеңін 2024 жылы Астанада өткізу туралы шешімді бірлесіп қабылдады.