«Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың
2025 жылғы 5 тамыздағы № 124-р және 2025 жылғы 12 тамыздағы № 128-р өкімдеріне сәйкес, «Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.            

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Бұйрық жобасы және оған қатысты материалдардың 2025 жылғы 28 тамызда «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланғанын хабарлайды.

Осыған байланысты Министрлік Бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырады.

«Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
29 августа 2025