«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу

Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына негізделген Құқықтық актілер тізбесінің 15-тармағын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Сыртқы істер министрлігі қаулы жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 14 ақпанда орналастырғанын хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу
Дата публикации
06 марта 2025