Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына негізделген Құқықтық актілер тізбесінің 22-тармағын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Сыртқы істер министрлігі қаулы жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 31 қаңтарда орналастырғанын хабарлайды.