Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі.
Министрлік бұйрық жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында жарияланғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты, Министрлік барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға шақырады.