«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға шетелде тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу тәртібін және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңның 25 (осы баптың 5-тармағын қоспағанда), 28-баптарында көзделген ақшалай қамтым, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелері бойынша айырманы өтеу және 29-бабында көзделген дипломатиялық дәрежесі үшін ақшалай төлем бөлігінде ақшалай қамтым, сондай-ақ өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлем тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15466327 .

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 февраля 2025