«Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және ресми даму көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қабылдануы көзделген нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 19-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 9-р өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелер қызметкерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

Министрлік бұйрық жобасы мен оған қатысты материалдардың «Ашық НҚА» порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Жоба келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15460579.

Осыған байланысты, Министрлік мүдделі тараптарды аталған бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырады.

«Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 февраля 2025