Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 9-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілер тізбесінің 13-тармағын іске асыру мақсатында «Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.

Сыртқы істер министрлігі бұйрық жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 3 ақпанда орналастырғанын хабарлайды.

Жоба келесі сілтеме арқылы қолжетімді.

Осыған байланысты, Министрлік бұйрық жобасын талқылауға шақырады.

Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
21 февраля 2025