«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына өзгерістер енгізу бойынша жұмысты бастады.

Жоба Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, құқықтық олқылықтарды жою және редакциялық ережелерді нақтылау мақсатында әзірленді. Жобаға енгізілетін өзгерістер консулдық мекемелердің дипломатиялық поштаны қабылдау, өңдеу және жөнелту жөніндегі өкілеттіктерін жүйелеуге, азаматтардың консулдық мекемелерге жүгінген кезде туындаған қиын жағдайға қатысты мәселелерді анықтау және шешу жөніндегі консулдардың өкілеттіктерін нақтылауға, сондай-ақ Консулдық жарғы ережелерінің орындалуын бақылаудың тиімді тетігін енгізуге мүмкіндік береді.

Аталған жоба «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15406697 сілтеме бойынша орнатылған және 2025 жылғы 4 ақпанға дейін талқылауға ашық болады.

«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Дата публикации
23 января 2025