Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2024 ж. желтоқсан айы бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобасының реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобасының реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

2023 жылғы 29 маусымда аталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Ашық НҚА» порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14620973) орналастырылды.

2023 жылғы 17 тамызда Заң жобасы ҚР мемлекеттік органдарымен келісілді.

2023 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Үкіметі Аппаратының қарауына енгізіліп, 4 қазанда ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді.

2023 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

2024 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдады.

Дата публикации
24 декабря 2024