«Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғ.Т. Қойшыбаевтың 2024 жылғы 28 маусымдағы № 21-06/5232 тапсырмасын іске асыру мақсатында «Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.  

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрық жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 25 қарашада жарияланғандығын хабарлайды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15307525     

Осыған орай, Министрлік бұйрық жобасын талқылауға шақырады.

«Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
26 ноября 2024