Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 11-1-4/613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 қарашада № 35319 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрықпен бекітілген уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларда:
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті (бұдан әрі – Астана қаласы Қазынашылық департаменті) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес бөлінген қаражаттың конвертациясын жүргізеді.";
7 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сыртқы істер министрлігі Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне ағымдағы жартыжылдықтың соңғы айының 10-нан кешіктірмейтін мерзімде айларға бөле отырып, алдағы жартыжылдыққа арналған шетел валютасында қолма-қол ақшаның қажетті сомасы туралы өтінім ұсынады.";
8 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдардың Сыртқы істер министрлігіне берген жазбаша өтініші негізінде лауазымды адамдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайына, Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесіне;";
11 тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іссапар барысында форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, мемлекеттік органның негіздемесімен және растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініші негізінде билет алмасу немесе қайтару жүргізіледі және іссапар мерзімі форс-мажорлық жағдайлар мерзіміне ұзартылады.";
12 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік орган ұсынатын іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескере отырып қарастырады;";
12 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Инвестициялық іс-шараға қатысудың орындылығын ескере отырып қарастырады.
14 және 14-1 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қаражат бөлу туралы қабылданған шешім негізінде Сыртқы істер министрлігі қолма-қол шетел валютасын алу үшін Сыртқы істер министрлігінің қызметкеріне Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде ресімдеуге арналған сенімхат береді.
Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Сыртқы істер министрлігінің сенімхатында көрсетілген уәкілетті адамға бір жұмыс күні мерзіміне Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат береді.
Сыртқы істер министрлігі өзінің кассасында сенімхат бойынша алған қолма-қол шетел валютасын қаржыландырудың бекітілген айлық жоспарының шегінде сақтайды. Сыртқы істер министрлігінің кассасындағы қолма-қол шетел валютасының күн сайынғы лимиті ағымдағы айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген сомадан аспауы тиіс.
14-1. Іссапарға жіберілген тұлғалармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған өзінің шотынан екінші деңгейдегі банктегі өзінің валюталық шотына шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне береді.
Екінші деңгейдегі банкте операциялық күннің соңындағы валюталық шоттағы күн сайынғы қалдық сомасының ұлттық валютадағы баламасы ағымдағы айға арналған тиісті ерекшелік бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген соманың 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.";
16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Астана қаласында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе виза ресімдеуге уәкілетті консулдық мекемесі болмаған жағдайда түбіртекке немесе чекке сәйкес виза ресімдеуге арналған сервистік алымдарға;";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты іссапарға жіберілген адам үшін сенімді адам (бұдан әрі – есеп беретін адам) алған жағдайда, сенімхатты қолданылу мерзімі үш жұмыс күніне ұсыну қажет. Сенімхат мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының (орталық атқарушы органның бірінші басшысының, аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның немесе осыған уәкілетті басқа адамның) және мемлекеттік органның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылған мемлекеттік органның ресми бланкісінде беріледі.";
24-1 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"24-1. Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды қарағаннан кейін осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша аванстық есепті жасайды.";
мынадай мазмұндағы 27 тармақпен толықтырылсын:
"27. Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде іссапарға жіберілген адамдар (орталық мемлекеттік органдардың басшылары) Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.";
бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
бұйрықтың 2 қосымшасы осы бұйрықтың 2 қосымшасымен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.