Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығының және «Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығына өзгерістер енгізу» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/210 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Осылайша, сирек кездесетін шет тілдер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 11-1-4/374 бұйрығымен бекітілді (таратылуы шектелген белгісімен).
Осыған орай, аталған жоба «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасы және оған қоса берілетін материалдар «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14977187.