БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш беруші – жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – әкімдік) жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
2) осы Қағидаларға қоса берілетін 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) Қағидалар шеңберінде сұрау салынатын жер учаскесі елді мекеннен тыс болған кезде не бекітілген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі;
4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
6) әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растайтын келесі құжаттардың бірі немесе бірнешеуі:
өтініш берушінің банктердегі шоттарында өз қаражатының болуын растайтын құжаттар;
мүліктің бар екендігін растайтын құжаттар;
бизнестегі үлестің немесе өзге активтердің болуын растайтын құжаттар;
шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және халықаралық стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік негізінде түріндегі өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) жылдағы компанияның айналымын (түсімін) растайтын құжаттар;
несие желісінің немесе қарыз қаражатының болуын растайтын құжаттар;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар (банк кепілдігі, кепілгерлік, шығындарды жабуды қамтамасыз ететін сақтандыру полисі және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 292-бабына сәйкес өзге де құжаттар).
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған, сондай-ақ өтініш беруші өкілінің өкілеттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, әкімдік құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қараусыз қайтарады.
Құжаттарды қайтару құжаттарды қайтару себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растау жөніндегі талаптар инвестициялар көлеміне тәуелді және мынадай түрде белгіленеді:
1) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен 1 000 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жобалар құнының кемінде 50% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;
2) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен 7 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жоба құнының кемінде 15% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;
3) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 7 500 000 еселенген мөлшерінен басталатын жобалар үшін жоба құнының кемінде 5% мөлшерінде қаржылық дәрменділікті растау.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.