Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 19 қазандағы № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу жөніндегі жұмысты бастады. Жоба жоғарыда аталған қаулыны Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзектендіру мақсатында әзірленді.
Көрсетілген қаулының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15216008 сілтеме бойынша 2024 жылғы 27 қыркүйекте орналастырылған.