««Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 105-ө өкімімен бекітілген қабылдануы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінің 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Сыртқы істер министрлігі Қаулы жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 23 тамызда жарияланғандығын хабарлайды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14899681
Осыған орай, Министрлік Қаулы жобасын талқылауға шақырады.