Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналардың:
  • «Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы»
    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15601 болып тіркелген);
  • «Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы
    № 11-1-2/368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 28112 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
12 августа 2024