Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сьерра-Леоне Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастады. Көрсетілген қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15151861 сілтемемен орналастырылған.