Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2024 жылғы бірінші жарты жылдығында жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметі Мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдығында 10 аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудитпен анықталған негізгі кемшіліктер ішінде бюджеттік заңнама, бухгалтерлік есеп, бюджеттік өтінім бойынша есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы және мемлекеттің қаржы қаражаты мен активтерін тиімді пайдалануды атап өтуге болады.

Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешім, ішкі аудит нәтижелері туралы есеп мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілді.

Дата публикации
23 июля 2024