2024 жылғы 5 маусым
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның жыл сайынғы отырысына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі келесі мәлімдеменің мәтінін жариялады.
Мәтіннің басы:
2024 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин басқарған қазақстандық делегацияны АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Вашингтон қаласындағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның (КССК) жыл сайынғы алтыншы отырысында қарсы алды. Аталған стратегиялық диалог өзара тиімді ынтымақтастық пен ортақ басымдықтарды ілгерілету мақсатында мүмкіндіктерді іздестіру үшін құрылған және саясат, экономика, қауіпсіздік және адам құқықтары саласындағы жалпы басымдықтарды ілгерілету алаңы ретінде қызмет етеді. 30 жылдан астам екіжақты қарым-қатынастарға сүйене отырып, КССК АҚШ-тың Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мызғымас қолдауын растайды.