«Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32095 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кодекстің 295-2-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардағы жобаларды іске асыруға келісім жасалмайды.»;

7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«7. «Task Force» осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді және өтініш берушіні нәтижелері туралы электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.

«Task Force» өтініш беруші ұсынған құжаттар мен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді қарастыру және өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтерді алу үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде «Астана» халықаралық қаржы орталығына жібереді.»;

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сұрау салынатын инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды ұсыну шарттары мен тәртібі және инвестордың міндеттемелері бар құжаттар мен ақпараттың толық пакеті болған, сондай-ақ Кодекстің 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес болған жағдайда «Task Force» инвестордан құжаттарды алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде инвестордың құжаттамасын уәкілетті органға жібереді.»;

8-тармақтың екінші бөлігінде «Task Force» деген сөздерден кейін «1 (бір) жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Оң шешім болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады және 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісім жобасын әзірлейді.»;

5-тармақтың бесінші бөлігінде «Астана халықаралық қаржы орталығының» деген сөздерден кейін «Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет министрліктерінің, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

15-тармақтағы «3 (үш) ай» деген сандар мен сөздер «30 (отыз) жұмыс күні» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Инвестициялық штабтың келісім жасасуды мақұлдау туралы оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:

1) Республикалық (ұлттық) бюджеттің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен есептерді;

2) жаңа жобаны (шартты шығындарды) іске асыруды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер түсімдерді қысқартудың болмауы  туралы жазбаша негіздеме ұсынады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осы Қағидалардың 18-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген келісілген құжаттарды республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қорытындысы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды республикалық бюджет комиссиясының отырысына жібереді.

  1. Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданған жағдайда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға келісуге жібереді.

Келісім жобасын уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгілік нысанның ережелерін ескере отырып әзірлейді.

Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы белгіленген тәртіппен өтініш берушіні, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес электрондық байланыс құралдары арқылы хабардар етеді.»;

21-тармақтағы «10 (он)» деген сөздер «5 (бес)» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Осы Қағидаларда көзделген құжаттарды қарау және келісу мерзімдерін бұзу ведомстволардың құрылымдық бөлімшесінің жетекшілік ететін басшыларының тәртіптік жауаптылығына әкеліп соғады.»;

38-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган хабарлама жіберілгеннен кейін төрт ай өткен соң немесе инвестордың жазбаша келісімін алғаннан соң белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімді тоқтату туралы шешім туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.»;

Қағидаларға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

«4-тарау. Инвестордың міндеттемелері, оның ішінде жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерін жақсарту жөніндегі міндеттемелері.»;

Қағидаларға 4-қосымшаның екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) инвестор осы келісімге сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Кодекстің 295-2-бабына  сәйкес осы келісімнің тұрақтылығына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 712-1-бабына сәйкес салықтық преференцияларға кепілдіктер алуға мүдделі;»;

Қағидаларға 4-қосымшаның 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) салықтық преференциялардың тұрақтылығы – Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кездегі салықтық преференциялардың тұрақтылығына кепілдік.»;

Қағидаларға 4-қосымшаның 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Инвесторға Кодекстің 295-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының осы келісімінің тұрақтылығына кепілдік беріледі.»;

Қағидаларға 4-қосымшаның 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға;»;

Қағидаларға 4-қосымшаның 14-тармағының 4) тармақшасына «салық» деген сөз «мемлекеттік кірістер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақтарда көзделген іс-орындалуы туралы ақпарат берілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
22 апреля 2024