Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасымен дипломатиялық қызмет және дамуға ресми көмек салаларындағы егжей-тегжейлі, қайталанатын нормаларды алып тастау және құқықтық олқылықтарды жою қарастыру көзделген.
Атап айтқанда, халықаралық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру, Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын хаттамалық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ дипломатиялық поштаны ресімдеу жөніндегі алынып тасталады.
Бұл ретте алып тасталатын функциялардын бөлігі Министрлік туралы Ережеде және өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген.
Осылайша, заңдар деңгейінде тиісті саланы реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленеді. Заңға тәуелді актілер деңгейінде мемлекеттік органдар қызметінің ішкі рәсімдерімен байланысты негізгі міндеттерді іске асыруды, олардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ заңға тәуелді актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ететін функциялар көзделетін болады.
Ұсынылған түзетулер елде туындайтын өзгерістерге олардың нормативтік реттеу бөлігінде жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Заң жобасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауында.