Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.
Министрлік қаулы жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 12 наурызда жарияланғандығын хабарлайды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14977187.
Осыған байланысты, Министрлік қаулы жобасын талқылауға шақырады.