Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бахрейн Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бахрейн Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастады. Көрсетілген қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14963351 сілтемемен орналастырылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бахрейн Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы
Дата публикации
11 марта 2024