«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 37-1) және 37-2) тармақшамен толықтырылсын:

«37-1) Экспорттық-кредиттік агенттікке, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;

37-2) коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Экспорттық-кредиттік агенттіктің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен беру;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
12 февраля 2024