«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына жалпы қадағалауды және бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерін басқа мемлекеттер бұзған жағдайда, Министрлік халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алады.
Халықаралық құқықтың негізінде егемендік теңдігінің, ішкі істерге араласпаудың, күш қолдануға немесе күшпен қорқытуға тыйым салудың, халықаралық міндеттемелерді сақтаудың, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің және т.б. жалпыға бірдей танылған принциптері жатыр.
Яғни, барлық мемлекеттердің тең құқықтары мен міндеттері бар.
Жоғарыда аталған қағидаттар Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі элементтері болып табылатынын және Республиканың Конституциясында тіркелген (8-бап).
Сондай-ақ, Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясын атап өткен жөн, оған сәйкес әрбір қолданыстағы шарт оның қатысушылары үшін, яғни мемлекеттер үшін міндетті болып табылады және оларды адал орындауы қажет («pacta sunt servanda»).
Осылайша, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі нақты мәселеге қатысты нысаналы жұмыс жүргізіп жатады.
Белгілі бір жағдайда халықаралық-құқықтық қызметтердің консультациялар талап етіледі, ал екіншісінде Министрлік бейінді мамандар үшін келіссөздер алаңын ұсынады. Басқа жағдайларда мәселе халықаралық сот шеңберінде шешілуі мүмкін.