Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі және Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.