Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 958 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың 1-қосымшасына сәйкес 2022-2025 жылдарға арналған іс-қимылдар жоспарының (Action Plan) 7-тармағын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Қазақстандағы дамуға ресми көмек жүйесін (ДРК) дамыту жөніндегі ЭЫДҰ мен KazAID жол картасы» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған қаулы жобасын және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 26 қазанда жарияланын хабарлайды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14764379.
Осыған байланысты, Министрлік қаулы жобасын талқылауға шақырады.