Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасымен заңдардан егжей-тегжейлі нормаларды алып тастау, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ заңнамалық актілерде тиісті салалардың іргелі мақсаттарын, қағидаларын және міндеттерін қарастыру көзделген.

Ұсынылған түзетулер елде туындайтын өзгерістерге олардың нормативтік реттеу бөлігінде жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қарауында.

Дата публикации
04 октября 2023