Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-1 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16585 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16586 болып тіркелген):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

8-тармақ алып тасталсын;

25-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 105, 106 және 107-тармақтармен толықтырылсын:

«105. Біріккен Араб Әмірліктерінің Шымкент қаласындағы Бас консулдығы.

  1. Түркі академиясы.
  2. Халықаралық Валюта Қоры өкілдігі.».
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
28 сентября 2023