БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы (бұдан әрі – заңдық ауыртпалық) – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иеленушінің жылжымайтын мүлікті иеленуге, пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқығын шектеуді білдіретін жылжымайтын мүлікке құқықтың кез келген шектеулері;
3) заңдық талаптар – жылжымайтын мүлікке құқықтарға, онымен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не мүддесінің бар екенін айғақтайтын заңдық фактілер;
4) инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингі нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, өтініш беруші заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызмет үшін, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайтуға салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
5) қаржылық ауқаттылық – қаражаттың болуын растайтын құжаттың атауы мен нөмірін көрсете отырып, қаражатты қаржыландыру көздері (меншікті немесе қарыз қаражаты);
6) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның орынбасары басқаратын, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
7) өтініш беруші – Қазақстан Республикасында тіркелген, жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және әкімдікке жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы өтініш берген заңды тұлға.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі;
4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
6) өтініш берушінің қаржылық ауқаттылығын растайтын бір немесе бірнеше құжат:
өтініш берушінің банктердегі шоттарда өз қаражатының бар екенін растайтын құжаттар;
мүліктің бар екенін растайтын құжаттар;
бизнестегі үлесінің немесе өзге де активтерінің болуын растайтын құжаттар;
кредиттік желінің болуын растайтын құжаттар;
7) өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
1) жоба «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады;
2) өтініш берушінің жобаға инвестициялау үшін жоспарлаған ақшалай қаражатының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жүз елу мың еселенген, бірақ миллионнан аспайтын мөлшерін құрайды;
3) сұралып отырған жер учаскесі кадастрлық құнының ең жоғары мөлшері өтініш берушінің жобаға жүзеге асыруы көзделетін инвестициялар көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды;
4) сұралып отырған жер учаскесіне жылжымайтын мүлікке заңдық талаптар мен құқық ауыртпалықтарының болмауы;
5) сұралып отырған жер учаскесі санатының жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкестігі;
6) берілетін жер учаскесі мемлекеттік меншікте болады және оны беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.
Өтініш және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келген жағдайда, әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңірлік үйлестіру кеңесіне келісуге енгізу үшін материалдар дайындайды.
Өтініш және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, әкімдік өтініш берушіге өтініш және оған қоса берілген құжаттар қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
Құжаттарды қайтару мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан бас тарту себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әкімдік өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін шешім қабылдайды.
Жер учаскесі жобаның жұмыс бағдарламасын іске асыру үшін 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығымен беріледі.
Теріс шешім қабылданған жағдайда әкімдік шешім қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Әкімдік жобаның бұрын ұсынылған жұмыс бағдарламасын орындау туралы не өтініш беруші жобаның жұмыс бағдарламасы бойынша инвестициялар сомасын 90% - дан кем салған жағдайда жобаны инвестициялық мәртебеден айыру туралы тиісті шешім қабылдаған кезде көздейді.
Объективті себептер бойынша мәлімдеген инвестициялар сомасын 90% - на қол жеткізілмеген жағдайда, өңірлік үйлестіру кеңесінің ұсынымы бойынша 1 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.