Біз, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі және Италия Республикасының Министрлер Кеңесінің орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі,
- Қазақстан мен Италияның декарбонизация үдерістерін, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін және жасыл сутегіні пайдалану арқылы ілгерілету жөніндегі ортақ ерік-жігерін ескере отырып;
- Маңызды материалдардың, стратегиялық шикізат пен сирек кездесетін металдардың артып келе жатқан маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан мен Италияны қамтитын қос жасыл және цифрлық көшу мақсаты үшін сутегімен байланысты құн қалыптастыру тізбегін дамытуды ескере отырып;
- Қазақстан берген маңызды материалдардың, стратегиялық шикізаттың және сирек кездесетін металдардың көбірек қолжетімділігін, сондай-ақ екі елдің жаңа технологияларды дамытуды ынталандыру маңыздылығын және осы сектордағы экологиялық көшудің басымдығына айналған ынтымақтастықтың әрі қарайғы түрлерін ескере отырып;
- Төмендегі аталатын секторлардағы құн тізбегі, сондай-ақ олардың экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарын үйлестіру және осылайша жеке капитал мен жаңа инвестицияларды тартуды ынталандыруға бағытталған 2022 жылғы 7 қарашада Шарм-әл-Шейхте қол қойылған стратегиялық интеграцияға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегінің құнын қалыптастыру тізбегіндегі стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды назарға ала отырып;