«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 27945 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.